KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
480.11 532.25 5.14

Электро техникалық колледж студенттері әлемдік додаларда топ жарып жүр

20.09.2019, 08:05 221

Аталған оқу орнының жетістіктері бүгін Шығыс Қазақстанға ресми жұмыс сапарымен келген Үкімет басшысың орынбасары Бердібек Сапарбаевқа таныстырылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Кәсіптік және техникалық бағытта оқытатын колледж директоры Азат Сарпековтын айтуынша мұндағы студенттер темір мен ағаштан түйін түюден бастап жоғары деңгейлі автоматтандырылған, роботтандырылған технологияларға дейін меңгерген. Сонымен қатар бұл колледжде халықаралық жарыстардың жеңімпаздары оқиды. Айталық, бұл салада Қазақстан халықаралық жарыста жеңіп әкелген үш медаль да осы оқу орнына тиесілі. Бердібек Сапарбаев облыс әкімі Даниал Ахметовпен бірге осындағы дәнекерлеу, темірмен жұмыс істеу, IT, роботты техника, бағдарламалау және басқа да пән кабинеттері мен шеберханаларды аралап көрді. Сондай-ақ мұнда Курчатовтагы ядролық орталықка қажет мамандар да даярланады. Мәселен, былтырғы 18 түлектің бәрі де ядролық орталыққа қызметке алыныпты.

Колледжде Бердібек Сапарбаев оқу орны ұжымымен кездесу өткізіп, оқытушылар құрамының сауалдарына жауап берді. Ал Президент Жолдауында айтылған кәсіптік және техникалық техникалық білім беру жайында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов баяндап өтті.

Атап өтерлігі , оқу ордасына облыс тарапынан тұрақты қолдау көрсетіліп келеді. Үздік оқушыларға ынталандыру да қарастырылган. Бердібек Сапарбаев оз кезегінде колледждің жетістігін жоғары бағалады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив