KZ
Өскемен
+27°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
450.79 482.21 5.05

Мәдениет саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 40 пайызға өседі

20.09.2019, 14:35 249

Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев ШҚО-ға жұмыс сапары барысында айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Сапарбаевтың мәлімдеуінше, мәдениет саласы қызметкерлері міндетті әлеуметтік жеңілдіктерді алу арқылы білім беру және денсаулық сақтау саласы қызметкерлерімен теңеседі.

– Президент тапсырмасымен мәдениет және өнер қызметкерлерінің жағдайын көтеру жоспарымызда бар. Қазіргі уақытта әлеуметтік жеңілдіктер мәселесі пысықталып жатыр. Алдағы уақытта әлеуметтік қолдау шараларын, оның ішінде мәдениет және өнер қызметкерлерінің тұрғын үй жағдайын жақсартуды қамтитын салалық жоспарлар бекітілетін болады, – деді Премьер-министрдің орынбасары.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив