KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
486.65 524.46 5.05

ШҚО-да 1 451 көпбалалы отбасы баспана кезегінде тұр

5.09.2019, 06:11 57

ШҚО-да 1 451 көпбалалы отбасы баспана кезегінде тұр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету екі бағытта жүзеге асырылады. Біріншісі, 2%-дық несиемен үй беру (бастапқы жарна үй құнының 10%-ы); екіншісі, әлеуметтік жағдаймен жалға беру арқылы.

– Қазіргі уақытта 364 шаңырақ үй алды. Ал кезекте 1 451 отбасы тұр, – деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Айтуынша, алдағы үш жылда барлығы баспанаға қол жткізеді.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сенсек, жалға берілетін үйлер саны биыл – 190 болса, 2020 жылы – 532, 2021 жылы – 729-ға жетеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив