«Сізге тексерумен келеміз!» Кәсіпкерлерге осындай push келуі мүмкін
«Сізге тексерумен келеміз!» - міне кәсіпкер болсаңыз ұялы телефоныңызға осындай Push-хабарлама келуі мүмкін, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
- Кәсіпкерлік саласындағы тексерулерді азайту және айқындылығын қамтамасз ету мақсатында елімізде мемлекеттік органдардың бірыңғай «Тексеру субъектілері/объектілерінің біріңғай тізілімі» электронды жүйесі іске қосылған, - дейді ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің ШҚО бойынша басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нәзигүл Сматова. – Тексеру жүргізудің электронды жүйесі 2018 жылдың шілде айында іске қосылған болатын. Бүгінде аталмыш жүйе бақылаушы органдар қызметшілеріне кабинеттерінен шықпай-ақ тексеру нысандарын белгілеуге, ал кәсіпкерлерге тексеру туралы уақытылы хабар алуға мүмкіндік берді.
Құзырлы мекеме басшысының айтуынша, тексеру актілері тіркелген соң кәсіпкердің ұялы телефонына «Сізге тексерумен келеміз!» деген Push-хабарлама жіберілетін көрінеді.
- Кәсіпкерлер «Qamqor» мобильді қосымшасы арқылы бизнесін кімнің және қай уақытта келіп тексеретінін біліп, тексеріс негіздері мен талаптары жазылған парақшаларды да көре алады, - деп қосты жауапты тұлғ