ШҚО-да оқушыларды мектеп формасымен жергілікті өндірушілер қамтамасыз етеді
Биыл бірінші сыныпқа баратын балалар мектеп формаларымен тегін қамтамасыз етіледі. Бұл облыстағы көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды жан-жақты қолдаудың аймақтық бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
Жаңа оқу жылында 17 жергілікті тауар өндіруші өңірдегі білім беру ұйымдарымен келісімшартқа отырды. Соған орай біздің облыста 33 583 балаға тегін мектеп формалары беріледі. Осы мақсатта 500,7 миллион теңге қарастырылған.
Бүгінде «Isnar» ЖШС-і Өскемен, Риддер қалалары мен Шемонаиха, Үржар аудандарындағы көпбалалы отбасылардан шыққан 540 оқушыны мектепке қажетті киім-кешекпен қамтамасыз етуді қолға алған.
– Әр баланың киімін сапалы етіп тігіп береміз.Стильге де баса назар аударамыз. Мәселен бір мектеп формасын тігуге 12 896теңге бөлінген. Мақтанғаным емес, біздің маталар барлық стандартқа сәйкескеледі. Ең бастысы, тапсырыс берушілердің көңілінен шығып жатыр, - деді «Isnar»ЖШС-і басшысы Залина Батылғазина.
Ресми дерек көздеріне сүйенсек, «Isnar» ЖШС-нің қызметкерлері тапсырыстың 80 пайызын орындап үлгерген. Бұл жергілікті өндіруші мекемелердің жұмысы
– Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында шетелдік өндірушілердің мектеп формасының артықшылықтары туралы жазылуда. Алайда біз халықтыңәлеуметтік осал топтарындағы балаларға арналған мектеп формасын тігу үшін бюджет қаражатын бөліп тұрып, басқа елдердің экономикасын қолдап, дәл сондай өнімді сатып алу дұрыс емес деп санаймыз. Бұл біздің бюджет, біздің салық, сондықтан бұл қаражат отандық өндірушілерді қолдауға арналуы тиіс. Өздеріңіз білетіндей, барлық өңірде оқушыларға арналған мектеп формалары тігіледі. Оған тұтынушылар да риза. Шыны керек, күні бүгінге дейін тек бір мектептен ғана шағым түсті. Бірақ біз нарықта жат өнімдерді өткізумен айналысатын қандай да мүдделі тараптардың арандатуына бой алдырмайық. Мемлекеттік тапсырыс арқылы отандық бизнесті қолдау ел экономикасының дамуына оң ықпалын тигізетінін ұмытпайық, - деді облыстық кәсіпкерлер палатасының жобаларды қолдау бөлімінің басшысы Іңкәр Аманбаева.