KZ
Өскемен
-5°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, Ю
519.61 610.13 6.54

ШҚО-ның Риддер қаласында суық су өшеді

1.08.2019, 09:36 359

Шығыс Қазақстандағы Риддер қаласында суық су өшеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Кенді қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек,  бірнеше тұрғын ауданда бес күн қатарынан суық су тоқтатылады.

– 20 тамыз сағат 06:00 бастап 25 тамыз сағат 22:00 дейін Таловка, Ботаника, Гавань және Лесхоз кенттерінде жөндеу жұмыстарына байланысты тұтынушыларға су беру тоқтатылады, – делінген Риддер қаласы әкімдігінің хабарламасында.

Қала билігі тұрғындардың қосымша су қорын жинап алуына жәрдемдесу үшін арнайы техникалар жұмылдырылатынын мәлімдеді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу