Аягөзде көрші әйелден таяқ жеген ер адам жансақтау бөлімінен бірақ шықты
Аягөзде көршісімен сөзге келіп қалған ер адам жан сақтау бөлімінен бірақ шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
23 шілде күні Аягөз аудандық емханасына түрлі дене жарақаттарын алған 58 жастағы ер адам түскен.
Тергеу амалдарының барысында оның 19 шілде күні көршісімен сөзге келіспей қалғаны белгілі болды.
– Жәбірленушіні көрші әйел таяқпен соққыға жыққан. Аталған факті негізінде ҚР ҚК 106 бабтың бірінші бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды, – деп мәлімдеді ШҚО Полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз