KZ
Өскемен
+24°
облачно с прояснениями жел 9 м/с, З
475.18 510.72 5.47

Өзін "Водоканалдан" деп таныстырған жігіт, зейнеткерді тонап кетті

25.06.2019, 07:43 149

Өскеменде өзін «Водаканал» қызметкерімін деп таныстырған жігіт 80-ге таяған зейнеткердің 2 миллион теңгесін ұрлап кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Оқиға 21 маусым күні болған. "Төлем қағаздарын тексеруім қажет" деп, сылтауратып үйге кірген «қызметкер» әжейдің қағаздарының арасында сақтап жүрген 2 млн 300 мың теңгесін алып қашып кеткен.

– Ұрлықты 29 жастағы жұмыссыз, бұрын қылмысты болған қала тұрғыны жасаған. Аталған факті бойынша қылмыскердің үстінен ҚР ҚК 191-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды, – дейді Өскемен полиция басқармасының баспасөз қызметкері.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив