KZ
Өскемен
-1°
плотный туман Штиль
480.61 534.53 5.28

Облыстағы колледждердің әлеуетін арттыруға қаржы бөлінеді

18.07.2019, 11:46 179

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстандағы екі жетекші колледжде – электр-техникалық және политехникалық колледждерде құзіреттілік орталықтары құрылып жатыр. Ол орталықтар замануи құрылғылармен жабдықталып, білікті мамандар даярлауға арналған базаға айналмақ.

Аймақ басшысы облыс депутаттары алдында берген есебінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесінің жаңғыртылу барысы туралы айтты.

Өскемен политехникалық колледжіндегі Құзіреттілік орталықты ашуға облыс қазынасынан 173 миллион теңге бөлінген-ді. Аталмыш қаржыға жөндеу жүргізіліп, WorldSkills стандартына сай жабдықтар алынған. Ал былтыр желтоқсанда елімізде тұңғыш болып ашылған Семейдегі электр-техникалық колледждегі орталыққа кеңею және қосымша құрылғылар алу үшін 171 миллион теңге берілді. Бұдан бөлек, Семей көлік колледжі жатақханасының жөндеу жұмыстарына 54 миллион теңге жұмсалып отыр.

Тағы бір ірі жоба – «KAZ Minerals» компаниясының қаржысына Өскемен көпбейінді технологиялық колледжінде тау-кен мамандарын даярлайтын оқу орталығын ашу. Кәсіпорын 300 миллион теңге бөліп отыр, ал орынжайды жөндеуге арналған 94 миллион теңге облыстық бюджеттен қарастырылған.

Сонымен, жалпы алғанда облыс қазынасынан колледждерді жаңғыртудың бірінші кезеңі үшін 492 миллион теңге бөлініп отыр. Жұмыс келер жылы да жалғасады. Алдағы үш жылда бұл мақсатқа 7 миллиард теңге жұмсау көзделуде.

Студенттерге арнап Семей қаласында жалпы саны 700 орындық екі жатақхана ашылған, бүгінде тағы бес жатақхананың құжаттары әзірлену үстінде.

Тақырыпты түйіндеген Даниал Ахметов білім басқармасына республикалық «Жас маман» бағдарламасы аясында жаңартылатын колледждердің тізімін әзірлеуді және Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік ортағымыен бірлесе Өскемен мен Аягөздегі студенттік жатақханалар құрылысын бастауды тапсырды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив