Жүк тасымалдаушылар Өзбекстанға кіргенде алым төлемейді - министрлік жауабы
pexels.com
Әлеуметтік желіде Өзбекстанның аумағына кіргенде қазақстандық тасымалдаушылар арнайы алым төлеуі керек екендігі туралы ақпарат тараған болатын. Бұл мәселеге Қазақстанның Көлік министрлігі түсініктеме берді,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
"Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы 2007 жылғы халықаралық автокөлік қатынасы туралы үкіметаралық келісімге сәйкес, тараптардың тасымалдаушылары төлемдер мен алымдардан, ақылы автожолдарды пайдаланғаны үшін алымдардан басқа, өзара босатылады. Осыған байланысты, қазақстандық автотасымалдаушылардан Өзбекстан аумағында ешқандай төлем алынбайды", – делінген министрлік хабарламасында.
Демек, Өзбекстан аумағында қазақстандық тасымалдаушылар үшін қосымша төлем қарастырылмаған.
Оқи отырыңыз
Қазақстан мен АҚШ әуе қатынасы туралы келісімге қол қойдыҚазақстандық автокөліктердің бағасына утилизациялық алым қосылмайдыҚазақстан мен Қытай арасындағы рейстер 124-ке дейін ұлғайтыладыЖүк тасымалдаушыларға көлік құралын тіркеу үшін жасаған төлемі қайтарылуы мүмкінҚазақстан мен Өзбекстан арасында рейстер саны артты