Қазақстандық боксшы адам өлтірді деген күдікпен қамауға алынды
Бокстан әлем чемпионы атанған Аслан Мұқанов адам өлтірді деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Полиция 31 жастағы боксшыны Қостанай облысында ұстаған екен.
Айта кетсек, Аслан Мұқанов осы жылдың наурыз айында NBA America тұжырымының чемпионы атанды. Бұл оның кәсіби рингтегі алтыншы жеңісі болатын. Бір жарым жыл бойы Колумбияда тұрып, жаттыққан спортшы отанына қайтуды жоспарлап жүрген еді. Алайда өз еліне оралған бетте адам өлтірді деген күдікпен қамауға алынды.
11 шілде күні Қостанай облысындағы Алтын дала кентінде 32 жастағы Серік Пішенбаевтың мәйіті табылыпты. Жігітті біреу пышақтап өлтірген. Полиция бұл қылмысқа күдікті ретінде Аслан Мұқановты қамауға алды.
Анықталғандай, марқұм жігіт боксшының туысы екен. Алдын ала мәлімет бойынша, Аслан Мұқанов оны жанжал кезінде пышақтап тастаған. Бұдан кейін ол оқиға орнынан ізін суытып, жасырынбақ болады. Полицияға болған жайт туралы марқұмның жұбайы хабар береді.