KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, З
491.7 531.28 5.07

Бірге ішіп отырған танысын пышақтап өлтірді - Өскемен

30.03.2022, 16:23 214

Наурыз айының басында Өскемен қаласы полиция басқармасының Солжағалау ПБ «102» жедел арнасына «әкесіне көмек керек» деп қызы қоңырау шалды.

Тексеру кезінде ер адам өзінің 61 жастағы досымен бірге алкоголь ішкені анықталды, көп ұзамай олардың арасында жанжал боп, екеуі бір-біріне пышақ жарақатын салған. Кейін алған жарақаттан біреуі оқиға орнында қайтыс болған.

Солжағалау полиция бөлімінің қызметкерлері патрульдік қызмет қызметкерлерімен бірге облыс орталығының 58 жастағы тұрғынын ұстаған.

Күдікті қамауға алынды.

- Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99 - бабының 1 - бөлігі – «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясымен 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив