Төрт жыл бұрын адам өлтірген Өскемен тұрғыны ұсталды (видео)
Полиция 2015 жылы адам өлтіру қылмысына күдікті деп танылған Өскемен тұрғынын төрт жыл өткеннен кейін ұстады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Оқиға 2015 жылдың қазан айында Өскемен қаласында болды. Түрлі ауыр жарақаттардан көз жұмған 47 жастағы әйелдің денесі табылған. Бұл қылмысқа 48 жастағы ер адам күдікті деп танылады. Алайда ол ізін суытып, төрт жыл бойы полиция қызметкерлерінен жасырынып жүрген екен.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, оны қолға түсіру үшін тәртіп сақшылары Нұр-Сұлтан қаласына да іс-сапармен барып қайтыпты.
Осы жылдың қаңтар айындақызметтік іс-сапар барысында Өскемен қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласындағы әріптестерімен бірге күдіктіні құрықтады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып отын.
Өткен жылдың 12 айында облыс бойынша іздеу салынған 332 қылмыскер қамауға алынған екен.