KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
480.11 532.25 5.14

Алтайлықтар әлемде - бесінші, Азияда - төртінші, Қазақстанда - бірінші

11.07.2019, 11:27 124

«Алтай» волейбол клубы үшін өткен маусым оңайға соқпады. Бұған біріншіден қарсыластардың күшеюі себеп болса, екіншіден қатысатын чемпионаттар санының көбейіп, қосымша жүктеменің артуы. «Алтай» волейбол командасының жеңістері мен жеңілістері жайын клуб директоры Досжан Уалханов бөлісті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– «Алтай» клубы үшін өткен маусым оңайға соқпағаны рас. Жыл өткен сайын біздің қарсыластарымыз күшейіп келе жатыр. Маусымның қиын болуының тағы бір себебі – осы жылы волейбол Федерациясының плей-офф ойындарының Талдықорған қаласында өткізуі. Ал талдықорғандық «Жетісу» командасы біздің басты қарсыласымыз. Дегенмен ойын нәтижесі бойынша «Алтай» әйелдер командасы бірінші орынға табан тіреп, Жетісулықтарды екінші орынға ығыстырды, - деді Досжан Уалханов.

Өткен маусымда «Алтай-1» командасы әлемнің клубтық чемпионатына қатысты. Бұл дегеніміз қосымша тағы бес ойын, яғни ойыншылар үшін әдеттегіден артық жүктеме. Әлем чемпионатында алтайлықтар бесінші орынды иеленді. Бұдан бөлек Қытайдың Тяньзинь қаласындағы Клубтық Азия Чемпионатында қыздар бақ сынасып, онда біз төртінші орынды иеленді. Осылайша өткен маусымды қорытындылаған «Алтай» волейбол командасының қыздары әлемде бесінші, Азияда төртінші, Қазақстанда бірінші тұғырдан көрінді.

– Осы жылы «Алтай-2» қыздар командасы ел чемпионатындағы плей-оффқа кірді. Ойын барысында Алматы, Астана, Қарағанды, Петропавл сияқты атақты әрі тәжрибелі командаларды артқа қалдырдық. Жыл сайын біздің жас спортшыларымыз ойынның дейгейін көтеріп, оң нәтижелерге қол жеткізіп келеді, - деп қосты клуб директоры.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив