KZ
Өскемен
-9°
ясно жел 1 м/с, С
497.26 525.21 4.97

«Алтай» волейбол құрамасы өзгеріске ұшырауы мүмкін

11.07.2019, 11:35 269

Биылғы маусымда «Алтай» волейбол клубының қыздар командаларында өзгерістер орын алып, спортшылардың жаңа буыны қатарға қосылмақ, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. 

– Алдағы маусымда бізде үш ішкі қазақстандық турнир бар: Қазақстан Кубогі, Қазақстан Суперкубогі және Қазақстан чемпионаты. Биылдан бастап волейбол Федерациясы Қазақстан Суперкубогінің мәртебесін көтеріп оны клубтық Азия чемпионатына іріктейтін турнир етіп бекітті. Уақыт аз, маусым басталысымен бірден ойындарға кірісу қажет. Команда алдына қойылған міндеттердің бірі – Қазақстан Кубогі иегері титулын сақтап қалу. Келесі міндет – клубтық Азия чемпионатына жолдама алу үшін Қазақстанның Суперкубогінде жеңіске жету. Өткен жылы жеңіс «Жетісу» командасына бұйырып, біз екінші орынды иеленген болатынбыз, - деді «Алтай» волейбол клубының директоры Досжан Уалханов.

Оның айтуынша, биылғы маусымда «Алтай-3» командасының кейбір ойыншыларын «Алтай-2» қыздар командасына ауыстырып, команда құрамы жасартылатын көрінеді. Қазіргі уақытта «Алтай-3» жасөспірім қыздар командасымен Шуто Коичи есімді білікті бапкер жұмыс жасайды. Ол «Алтай 2» командасына ауысатын бірқатар ойыншыларды дайындап қойған.

- Жас спортшылардың әзірге тәжрибелері аз, сол үшін жаңа маусымдағы ересек командада олардың басты мақсаты барынша тәжрибе жинақтау. Бұл олардың әрі қарай даму үшін өте қажет. Біздің клубта кәсіби волейболшыларды даярлауда сатылы жүйе қолданылады. Яғни ойыншылар төменнен жоғарыға қарай көтерілуі тиіс. Жалпы, біздегі әйелдер командасында екі жылдай айтарлықтай өзгерістер болған жоқ. Бірақ осы маусымда клубқа қандай да бір реформалар қажет деп ойлаймын. Бір сөзбен айтқанда, «жаңарту» қажет. Шілде айының соңына қарай, кімдермен қош айтысқанымызды және кімдермен құрам толығатынын айтатын боламыз, - деп қосты Досжан Уалханов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу