KZ
Өскемен
+10°
небольшой проливной дождь жел 4 м/с, В
442.05 474.14 4.74

Глубокое жастары «SAMAL OPEN CUP» облыстық чемпионатынан жүлделі оралды

4.07.2019, 06:32 116

Глубокое ауданының жастары баскетболдан 3Х3 форматында өткен «SAMAL OPEN CUP» облыстық чемпионатынан жүлделі оралды.

Чемпионат облыстық баскетбол қауымдастығының ұйымдастыруымен Өскемен қаласындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінде маусымның 28-29 күндері өтті. 3Х3 форматында баскетбол жарысы жиі бола бермейді. Сондықтан ойын алаңында қызу бәсеке болды. Ойыншылардың тартысты кездесулерін облыстық баскетбол қауымдастығы көрермендерге әлеуметтік желідегі парақшаларынан тікелей эфирде тамашалауға мүмкіндік жасады.

Бұл жолы қатысушылар саны мен жас ерекшеліктеріне қарай ұлдар мен қыздар командалары жеке топтарда ойнады. Екі күнге жалғасқан доданың U18 тобында біздің «Ертіс» командасындағы ұлдарымыз бірінші орын иеленді. Ал осы U18 тобында болған «Восток» командасындағы қыздарымыз әр кездесуде соңына дейін күресіп, қарсыластарына дес бермеген еді. Тек соңғы ақтық ойында ұпай санымен өскемендік баскетболшыларға есе жіберіп алып, жарыс тұғырының екінші мінбесінен көрінді. Жеңімпаздар марапатын Алтай ауданының тумасы, ҚР спорт шебері, ұлттық құрама ойыншысы – Антон Быков өз қолымен табыстады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив