KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1,1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Өскеменде «АвтоЦонда» кезекте тұрғандар естерінен танып құлап жатыр (ВИДЕО)

4.07.2019, 05:22 142

Жаңадан ашылған «АвтоЦонда» кезек күткен адамдар естерінен танып құлап жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Шілденің 1-інде ашылған жаңа ғимарат тұрғындарға пайдасынан гөрі найзасын тигізуде. Олар қарапайым талонды ала алмай естерінен танып жатқан көрінеді. Бұл аздай, ғимарат маңында көлік қоятын жер де аз екен. 

– "АвтоЦон" ашпас бұрын ғимарат қала тұрғындарына ыңғайлы жерде ме деп ойлану қажет. Мұнда көлік қоятын тұрақ та жоқ. Бағдарламаның дұрыс жұмыс жасамағаны былай тұрсын, келушілерге орындықтар саны жете ме деген мәселені қарастыру керек. "АвтоЦон" қаланың орталығында орналасса тұрғындар үшін жақсы болар еді, КШТ-да онсызда кептеліс қой, - дейді тұрғындар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив