KZ
Өскемен
-9°
туман жел 1 м/с, СБ
530.12 546.08 5.17

Семейде автобустарды аралап, күй шертіп жүргендер кім?

2.07.2019, 04:04 122

Семейліктер Домбыра күнін тойлауды бастап кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Ф.Достаевский музейінің қызметкерлері қала автобустарында күй шертіп, жүргіншілерге мерекелік көңіл күй сыйлады. Шараға музыкалық колледж бен татар өнері мектебінің шәкірттері қатысты.

Сондай-ақ жүргіншілер арасында викториналық ойындар ұйымдастырлып, жүлдеге түрлі сыйлық пен музей билеті тігілді.

– Ф.Достаевский қазақтың тұрмыс-тіршілігіне қызығып, салт-дәстүрін құрметтеп өткен адам, – дейді музей қызметкері Салтанат Сексенбаева.

Еске сала кетейік, бұрынғы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен шілденің бірінші жексенбісі – Ұлттық домбыра күні болып белгіленген еді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу