Семей-Новосибирск бағытындағы адам төзгісіз автобус
Семей-Новосибирск бағытындағы автобусқа жолаушылар енді қайтып отырмастай болған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Жолдасым екеуіміз Семей-Новосибирск автобусына билет алған едік. Жол жүру уақыты шамамен 12 сағат. Автобустың іші адам төзгісіз. Орындықтарының бәрі сатпақ-сатпақ, іші шаң. Ал орындықтардың арасы небәрі 15 сантиметр. Жарты тәулік бойы аяғыңыз қалай шаршайтынын айтпаса да белгілі шығар. Біздің орындықтарымыз 5-ші және 6-шы болған, бірақ қарапайым реттілік те сақталмаған автобуста, біздің орындықтарымыз 4 қатарға бірақ көшті. Жүргізушілерге бұл не сұмдық десем, біз оған жауап бермейміз дейді. Осылайша, біз өте нашар көңіл-күймен «Сұлу» автовокзалына жеттік.
Әлеуметтік желі қолданушылары болса автобустың осындай адам төзгісіз жағдайда екенін білгендерін және енді қайтып отырмайтындарын айтқан.