Өскеменнің тазалықшылары кәріз қақпағын ұрлаушыларға қарсы әдіс тапты
Өскеменнің коммуналлдық шаруашылықты жүргізуші мекемесі кәріз қақпағын ұрлаушыларға қарсы әдіс тапты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Кеше Славский жағалауындағы кәріз қақапақтарын айналдыра цемент құйып тастады. Бұл бір жағынан ұрлықтың алдын алса, екінші жағынан балаларға қауіпсіз, – дейді қызметкерлердің ісін фотоға түсіріп алған Ирина есімді қала тұрғыны.
Естеріңізде болса осыған дейін кәріз қақпақтарының көптеп ұрланып жатқаны туралы бірнеше рет жазғанбыз. Өткен жылы күзде металл қақпақтың бесеуін бірдей көліктің артына басып алып бара жатқан күдіктілер ұсталған болатын.
Оқи отырыңыз