Өскемендегі № 25, 25А, 43, 43А автобустары енді жеңілдік жасамаймыз деп отыр
1 шілдеден бастап қаламыздағы балалар мен зейнеткерлер кейбір автобустарда жеңілдіксіз, толық тарифпен жүруі мүмкін, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
№№ 25, 25А, 43, 43А автобустары енді жеңілдік жасамаймыз деп отыр. Яғни 15-ке толмаған бала да, 70-тен асқан қария да сол баяғы – 90 теңгені төлеуі қажет. Автопарктің мұндай шешімге келуіне көптеген себептер түрткі болған екен, сондағы ең басты себеп, ол – әкімдік тарапынан субсидияның берілмеуі. Тасымалдаушылардың айтуынша, шығындардың бір бөлігін әкімдік өтеуі тиіс, бірақ жылдар бойы осы міндеттеме орындалмайтын көрінеді.
– Тасымалдаушылар үшін шығындардың өтелуі өте маңызды, субсидия төлеу, тарифті қайта қарау рәсімі 14 айдан астам уақытқа созылған, ал дизель отынының құны литріне 115 теңге, 2016 жылы жол жүру ақысы 90 теңгеге бекіткеннен бастап, бір литр үшінгі баға 195 теңгеге дейін бірақ ұлғайды. Біз субсидия туралы айтып келеміз, бірақ бөлінетін түрі жоқ. Жол жүру ақысын 110 теңгеге дейін көтерейік дедік, тағы болмады. Біздің шығынымыз өтелмесе, басқа амалымыз жоқ – дейді БЭСТ Автокөлік цехының директоры Елена Рядинских.
Қала әкімінің орынбасары Тамара Рахимжанова болса, тасымалдаушылардың мәселесі жақын арада шешіледі деп отыр.