Зейнеткерлер мен балаларға 90 теңге. Өскеменде жолақы өседі
Өскеменде 8 шілдеден бастап, 7 жастағы балалардың жол жүру ақысы 90 теңгеге өседі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Жеңілдік билетін сатудан бас тартқан қай автобустар?
Естеріңізге сала кетсек, жақында №43, 43А, 25, 25А автобустарында балалар мен зейнеткерлер үшін жеңілдік билеттердің 1 шілдеден бастап болмайтынын жазған едік. Енді олардың қатарына №5, 12, 17, 33, 53, 42, 39, 351, 67, 71 автобустары қосылды.
Тасымалдаушылар өз әрекеттерін, шығын мөлшері көп деп түсіндірді. Ал, тұрғындар болса, 7 жастағы бала мен 70-тен асқан қариялар үшін 90 теңге миға сыймайтын баға деп отыр.
Оқи отырыңыз