Айбек Нұғымаров тағы да топ жарды
Тарбағатай ауданында Ырғызбай Досыханұлы атындағы қазақ күресінен өтіп жатқан әлемдік додада Шығыс қазақстан палуан Айбек Нұғымаров топ жарды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Әлемнің 28 елінен келген апайтөс палуандар арасында ақтық сында Айбекпен өзбекстандық Мұқсин Хисамединов айқасқан болатын. Өткенде ғана "Қазақстан барысын" екінші мәрте ұтқан Айбек бұл жолы да қарсыластарын қоғадай жапырды.
Турнирдің 70, 80 келі салмақтарында Тәжікстан, Грузин елдерінің туын желбіреткен жігіттер мен көк туды көкке көтерген жерлесіміз екі миллион теңге жүлдеге ие болды.
Оқи отырыңыз