Қайырымдылық үшін қойылған жәшікті де ұрлап кетіп жатыр
Өскемендегі дәмханалардың бірінде қайырымдылық үшін қойылған жәшік ұрланды. Ішінде 4 мың теңгеден астам қаражат болған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Полицияға хабар 20 мамыр күні жеткен. Сағат 20:30 шамасында. Бөгде адам ауқаттанып болған соң, жәшікті өзімен көтеріп алып кетіпті. Дәмхана қызметкерлері жәшіктің бар үстелінде тұрғанын айтады.
– Күдікті ұсталды. Бұрын сотты болған 1981 жылғы қала тұрғыны. Қылмыстық кодекс бойынша оның үстінен «ұсақ ұрлық» жасағаны үшін іс қозғалды. Күдікті ісін мойнына алып отыр, – деді қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметкері.
Оқи отырыңыз