KZ
Өскемен
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
485.04 525.98 5.04

Көшелеріміз кең әрі жарық болады - Даниал Ахметов

2.05.2019, 10:39 106

Облыс әкімі Даниал Ахметов Өскемен Нұр-Сұлтан қаласының ізімен жүретініне сенім білдірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Қаладағы бірқатар көшені кеңейту арқылы біз көлік кептелісі деген проблеманың жүгін жеңілдетеміз. Көшелеріміз кең әрі жарық болады. Бұл – әлемдік тәжірибе. Сонымен қатар жолдардағы қауіпсіздік шараларын күшейтеміз. Осы орайда алдағы уақытта облыс орталығында төрт мың жаңа бейнекамера орнатылатынын ерекше атап өткім келеді. Олар жолдардағы, сонымен қатар, аулалардағы қауіпсіздікті қадағалайтын болады. Жалпы, мұндай камералар Нұр-Сұлтан қаласында да орнатылып, соның нәтижесінде елордадағы құқықбұзушылық саны бірнеше есеге кеміген. Біз де сол жолмен жүреміз, – деді Өскеменнің бірнеше көшесіндегі жөндеу жұмыстарының барысымен танысқан облыс әкімі.

Аймақ басшысы, сонымен қатар жолдардың кеңейтілуіне байланысты кей жерлердегі бағдаршамдардың жану уақыты өзгертілетінін хабарлады.

– Жол жөндеу жұмыстары қала тұрғындарына біраз ыңғайсыздық туғызуда екенін білемін. Алайда бір-екі ай шыдай тұруға тура келеді. Күзге дейін бұл шаруаны тындырамыз деп ойлаймын, – деді аймақ басшысы.

 

"Оқиға орнынан" 360° әсерінде көргіңіз келсе мына сілтемеге өтіңіз, айналдырып көруге болады

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив