KZ
Өскемен
-6°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
529.7 545.96 5.17

Өскеменде 10 жастағы бала мен оның анасын қағып кеткен жүргізуші қамауда отыр

24.04.2019, 04:48 199

14 сәуір күні Гагарин бульварында әйел адам мен оның 10 жастағы ұлын көлік қағып кеткен болатын. Бала бірнеше күннен кейін жансақтау бөлімінде көз жұмды. Анасы болса әлі ауруханада. Ал автокөліктің жүргізушісі қазір тергеу изоляторында қамауда отыр екен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Медициналық куәландырудың нәтижесі бойынша, сол күні жүргізушісі ішімдік ішпеген.

-Қазір оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 21 жастағы жүргізуші уақытша ұстау изоляторында отыр, - деп мәлімдеді Өскемен қалалық ПБ баспасөз қызметі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу