KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 4 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Өскемендегі жол апатында көз жұмған баланың әкесі халыққа жанайқайын жеткізді

26.04.2019, 07:10 180

 

Өскеменде 10 жастағы бала мен оның 36 жастағы анасы көлікпен қағып кеткен жүргізуші изолятордан босатып жіберіпті. Естеріңізге сала кетсек, бұл оқиға 14 сәуір күні Гагарин бульварында болған. Анасы ауыр жарақаттанып, 10 жастағы Алим жансақтау бөлімінде көз жұмды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Осыдан бірнеше күн бұрын Алимның әкесі Рафаэль Салахиев жұртшылықтың назарын соттың әділетсіз шешіміне аударту үшін  бейнежазба таратты. Онда Рафаэль жұбайы мен ұлын қағып кеткен жүргізуші  кепіл төлеп, тергеу сотының қаулысы бойынша уақытша қамау изоляторынан шығып кеткен екен.

- Пәтер мен 300 мың теңгені кепілге қойғаны үшін жол апатына кінәлі адамды босатып жіберді. Менің баламның өмірін ақшамен өлшегендері ме? Әлгі жігіт сотқа дейін еркіндікте жүре бермек. Мен оны қайта қамауға алуды сұраймын, - дейді баласынан айырылған әке.

Рафаэль Салахиевтің айтуынша, қылмыстық істе жүргізушінің жылдамдықты асырғаны көрсетілген екен. Енді ол Бас прокуратураға да, облыстық қадағалаушы органға да шағымданбақ екенін айтқан болатын.

Алимның анасы ұлын жерлеп тастағанынан бейхабар. Өйткені оның да жағдайы ауыр, әлі ауруханада жатыр.

 

Жол апатына кінәлі жүргізуші кім?

Белгілі болғандай, ол – Глубокое ауданының 21 жастағы тұрғыны. Университеттің үшінші курсында білім алып жатыр екен. Оқу орнында оған оңды мінзедеме берген көрінеді.

 

Жүргізуші жол ережесін бірнеше рет бұзған

Бүгін облыстық сот бірінші инстанциялы соттың қаулысын қайта қарағаны белгілі болып отыр.

Аппеляциялық инстанцияның отырысында прокурор 21 жастағы жүргізушінің бұған дейін жылдамдықты асырғаны үшін  бірнеше рет әкімшілік жазаға тартылғанын дәлелдейтін материалдарды ұсынды.

 

Қайта қамауға алынды

Сот алқасы ұсынылған материалдармен таныса келе, күдіктіні оған берілген оңды мінзедемеге сай емес деп таныды. Яғни, ол заң мен тәртіп бұзуға бейімді адам ретінде, бұл әрекетін жалғастыруы мүмкін. Күдікті сот залында қайта қамауға алынды.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив