KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 2 м/с, В
450.79 482.21 5.05

Семей тұрғыны 21 миллион теңге ұтып алды

19.04.2019, 07:02 109

Семей тұрғыны SuperBingo ұтыс ойынынан 21 миллион теңге ұтып алды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Тенгриньюс сайтына сілтеме беріп.

– Өзім осындай ойындардан 3-4 мың теңге ұтып алып жүретінмін. Осы жолы да сондай ақша алсам да қайда жатыр деп ойладым. Басқа артық дүниені қиялдамай, интернет арқылы бір билет сатып алдым. Содан не керек, билет сатып алғанымды ұмытыңқырап бара жатқанымда қалателефоныма хат түсті. Мәтіні «Сіз басты жүлдені ұтып алдыңыз» деген сыңайда екен. О, Ғажап! Бірақ, әйтеу бір күні қомақты жүлде ұтатыныма сеніп едім, – дейді қуанышты сәтін еске алған 47 жастағы жолы болғыш семейлік.

Жеңімпаз алдағы жоспарларымен бөлісті.

– Арман көп. Әуелі үй алсам, басқасы ретімен бола жатар деймін, – дейді ол.

SuperBingo ұтыс ойынын өткізуші компания «Сәтті Жұлдыз» АҚ-ның өкілі бұл ШҚО облысының тарихындағы ең қомақты жүлде екенін айтады.

– Әдетте мегаполистердің тұрғындары жүлде алып жататын. Шағын қалалардан қатысушылар көп бола бермейді. Осыдан біраз уақыт бұрын Өскемен тұрғыны 1 миллион теңге ұтып алғаны есімде, – дейді Александр Бушин.

Әлбетте, бұған қарап «мен де қатыссам мол қаражат ұтамын» деген ойға бекіген жөн емес.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив