KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СШ
471.46 504.79 5.53

Нұр-Сұлтаннан келген жігіт Өскеменде жоғалып кетті

18.04.2019, 06:02 144

Еркін Бақытұлының із-түссіз жоғалып кеткеніне бір айдай уақыт болды. 23 жастағы жігіт байланысқа соңғы рет 20 наурызда шыққан екен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы Volontery_uka_LIDER.KZ тобының еріктілері мәлімдейді. Жас жігіт Өскеменге Нұр-Сұлтан қаласынан келген екен. Белгілі болғандай, ол мұнда автокөлік сатқан.

Ерекше белгілері: бойы 184 сантиметр, ернінің астында тыртығы бар. Үстіндегі киімі: қара-сұр жеңіл күртке, спорттық шалбар мен қара кроссовка.

Еркін Бақытұлы туралы қандай да ақпараттарыңыз болса, келесі телефон нөмірлері арқылы хабар берулеріңізді сұраймыз: 8-747-466-54-38, 8-705-550-84-25, 8-747-349-57-17, 8-701-375-92-91, немесе 102.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив