ШҚО-тұрғындары полицияға 2,2 миллион теңгенің қаруын тапсырды
ШҚО-тұрғындары бір күнде 2,2 миллионнан астам теңгенің қаруын тапсырды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Тұрғындар өздерінің тіркелмеген қаруын полиция бөлімшелеріне апарып тапсыру арқылы, ақшалай сыйақы алып қана қоймай, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершіліктен босай алады. Аймақта осындай акция жүріп жатыр.
Мамандардың есептеуі бойынша кешелері бері ішкі істер органына 40 шақты қару келіп түскен екен. Жалпы сыйақы құны – 2,2 миллион теңгені құрап отыр.
Қазіргі уақыта аталмыш акцияға Алтай, Күршім, Бородулиха аудандары белсене қатысып жатыр.
Оқи отырыңыз