Өскеменде бір отбасы баспанасыз қалды
Облыс орталығында өрттің салдарынан бір отбасы баспанасынан айырылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Өрттің шығу себебі ретінде екі жағдай қарастырып отыр: балалардың отты абайсыз пайдалануы және өрт қауіпсіздігінің талаптарын орындамау.
Оқиға 4 сәуір күні сағат 16:00 шамасында болған.
Красин кентіндегі Амангелді Иманов көшесінің бойындағы жер үйдің бірінде шатыры мен ішкі қаптамасы, үй ішіндегі заттар жанып кетіпті. Өрттің жалпы аумағы 80 шаршы метрді құрады.
Оқи отырыңыз