KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 9 м/с, СБ
483.23 534.74 5.12

Қазақстанда ЖОО-лардың тәуелсіз рейтингін көрсететін онлайн-сервис іске қосылды

29.03.2019, 11:43 103

 

Елімізде жоғары оқу орындарының тәуелсіз рейтингін көруге мүмкіндік беретін онлайн-сервис іске қосылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Мұнда университеттер мен колледждердің рейтингі алты түрлі өлшем бойынша жасалған. Жоғары сынып оқушылары, ата-аналар мен студенттер үшін оқу орындарындағы білім сапасы жайлы ақпарат қолжетімді болады. Яғни, белгілі бір оқу орнының түлектері еңбек нарығында сұраныста болуы, оқудан кейін жұмысқа орналасу мен еңбекақыларының деңгейі жағынан салыстыруға мүмкіндік беріліп отыр.

 

Аталмыш рейтингті 2018 жылдың желтоқсан айында «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ мамандары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырысымен жасап шығарған. Ең үздік және ең нашар оқу орындары сауалнама негізінде емес, түлектердің жұмыспен қамтылу, еңбекақыларының деңгейі, жұмыстарының тұрақтылығы бойынша нақты нәтижелер негізінде жасалыпты.

 

Рейтингте 101 жоо мен 766 колледждің 2015-2017 жылдары оқу бітірген түлектері жайлы мәліметтер пайдаланылып отыр.

 

Ең үздік оқу орнын таңдауға арналған арнайы сервис Электронды еңбек биржасының сайтында орналасқан. Оны қолдану да қарапайым әрі жеңіл.

 

Мысалы, абитуриент белгілі бір мамандық бойынша білім алғысы келсе, ол рейтингтің көмегімен Қазақстанның қай оқу орнының түлектері осы бағыт бойынша жұмысқа тұру проценті ең жоғары болып табылатынын анықтай алады. Сондай-ақ, бұл мамандық бойынша қай аймақта еңбекақы ең жоғары екенінен де хабардар болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив