Өскемен басшылығы БОМЖ-дарға үй салып беру мәселесін қарастырып жатыр
Өскемен басшылығы БОМЖ-дар түнейтін үй салуды қарастырып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бірнеше жыл бұрын Өскемендегі үйсіз-күйсіз жүрген жандарға көмек қолын созатын орталық қала іргесіндегі Белоусовка елді мекеніне көшіп кеткен болатын. Бұл жағдай қалада айтарлықтай қолайсыздық тудырғаны рас.
– Үйсіз-күйсіз жүрген адамдардың қайсыбірі күн сайын елді мекендегі орталыққа келіп қонады? – дейді мекеменің директоры Асқарбек Белгібаев.
Осы күнге дейін жауапсыз қалып келген бұл сұраққа қала басшылығы жауап қатты.
– Дәл қазір жергілікті атқарушы органдар Өскеменде тұрғылықты жері жоқ жандар түнейтінде бөлім ашуды қарастырып жатыр, – дейді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Әділбек Қожахметов.
Әкімшіліктің мәлімдемесіне қарағанда, жоба іске асу үшін 50 адам сыйатын 642 шаршы метр аумағы бар қоналқы ғимарат табу қажет. Сондай-ақ ол жер мүмкіндігі шектеулі жандардың талабына да сай келуі тиіс.
«Үйсіз-күйсіз жандарға өркениеттің барлық игілігі көрсетіледі» - деп сендіріп отыр шаһар билігі. Аталмыш орталық ашылған жағдайда 14 қызметкер алу жоспарлануда: меңгеруші, фелдьшерлер, медбикелер, үйге қараушылар, күзет.
Шенеуніктер қандай да бір нақты датаны атамады.
Аталмыш орталық ашылса, табалдырығын тоздырушылардың аз болмасы анық. Бұл өз кезегінде жылы аялдамалардағы келеңсіз жайттардың реттелуіне септігін тигізері анық.