KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Әлия Молдағұловаға Ресейде ескерткіш қойылады

27.03.2019, 11:13 187

 

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұловаға ескерткіш қойылатын болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Санкт-Петербург қаласының вице-губернаторы Николай Линченко Қазақстан Республикасының Санкт-Петербургтегі консулы Болат Иманбаевпен кездесті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі  NUR.KZ. сайтына сілтеме жасап.

 

Кездесу барысында әріптестік бойынша бірқатар мәселелер талқыланған екен. Соның ішінде Әлия Молдағұловаға ескерткіш орнату жөнінде де сөз қозғалып отыр.

 

Жалпы бұл бастаманы 2018 жылдың қараша айында Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінен келген ұсыныс болған. Желтоқса айында ескерткіштің жобасын Ресейдің мәдени астанасының басшылығы мақұлдап қойған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив