KZ
Өскемен
-2°
туман Штиль
494.87 520.65 4.91

Өскемендегі Тәуелсіздік даңғылының атауы тағы да өзгеретін болды

20.03.2019, 11:41 447

Өскемен қалалық мәслихат депутаттары Тәуелсіздік даңғылын Нұрсұлтан Назарбаев атымен атау жайында жиын өткізді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үлкен қалалардағы орталық көшелерге Тұңғыш Президент атын беруді ұсынды. Ұсынысқа сәйкес бізге қаладағы төрт ұжымнан хат келіп түсті. Олар: "Қазцинк" қызметшілері, облыстық аурухана дәрігерлері, мұғалімдер және қоғамдық кеңес мүшелері. Аталмыш ұжымдардың хатында Тәуелсіздік даңғылына Нұрсұлтан Назарбаев атын беру жайы айтылған, - деді Өскемен әкімі Жақсылық Омар.


Бұл ұсынысты жиынға келген халық қалаулылары бір ауыздан қолдады.


- Біз осы тарихи сәтке куә болғанымызға қуаныштымыз. Мемлекетімізді құрған Елбасына алғыс! Мен жас депутат ретінде осы ұсынысты қолдаймын, - деді депутат Ринат Ахмеджанов.

Жиында жергілікті өзін-өзі басқару кеңесінің төрағасы Серік Оразбайұлы да өз ұсынысын ортаға салды.


- Бүгін, шынында, тарихи сәт. Осы сәтке куә болғанымызға қуанамыз. Жан-жақтан келген ұсыныстарды қолдай отырып, өзім де бір ұсынысты қоса кеткім келеді. Ендігі жерде Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы деп аталатын даңғыл бойында мрамордан тақта қойылып, онда "Нұрсұлтан Назарбаев - Тұңғыш Президент" деп жазылып тұрса нұр үстіне нұр болар еді, - деді С.Оразбайұлы.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу