KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
475.39 513.37 5.4

Өскеменде трамвай басқан иттің операциясына мұқым Қазақстан ақша жинады

19.03.2019, 10:04 181

Республиканың әр түкпіріндегі қайырымды жандар қаржы жинап, Өскеменде екі аяғы трамвайдың астында қалған итке операция істетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Естеріңізде болса, екі аяғы табанын шабылып қалған ит табылған болатын 13 наурызды. Жануарлардың жанашыры Лариса Прокопьева иттің трамвай астында қалғанын айтқан болатын.

 

Кордон аталып кеткен бұл иттің операциясы сондай қымбатқа шыққан жоқ. Қаражатты қала халқы ғана емес, республиканың түкпір-түкпіріндегі қайырымды жандар жинап берген.

 

Айтпақшы, бұл итті Қарағанды қаласының тұрғыны асырап алғысы келетінін айтыпты.

 

– Итті Қарағандыға жеткізіп беруді ойласып жатырмыз, – дейді Лариса Прокопьева. – Иттің жағдай жақсы. Тамаққа тәбеті тамаша.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив