ШҚО-да полициялер 10 тоннадан астам алкоголь өнімін тәркіледі
Шығыс Қазақстан полицейлері 10 тоннадан астам алкоголь өнімін заңсыз тасымалдаудың жолын кесті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
18 наурызда «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасын өткізу барысында Үржар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері шанағына 5 литрлік ыдыстағы екі мың данадан астам алкоголь өнімін тиеген жүк автокөлігін анықтады.
Тексеру барысында 40 жастағы көлік жүргізушісі мен оның жолаушысының түсіндіруінше, олар алкоголь өнімін Үржар ауданының аумағына өткізу мақсатында әкелген. Әкеле жатқан жүктеріне қандай да бір құжаттар ұсына алмаған.
Аталған факті бойынша әкімшілік өндіріс қозғалып, тасымалданған жүк тәркіленіп, тиісті сараптама тағайындалды. Іс материалдарын тергелу ретімен жолдау туралы мәселе шешілуде.