KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 5 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

Өскемендегі «Көлік компаниясы» трамвай жолдарын өзі жөндейтін болды

13.03.2019, 11:21 122

 

Өскемендегі «Көлік компаниясы» трамвай жолдарын өзі жөндейтін болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Бұған дейін «Өскемендегі трамвай жолдарын жөндеу жұмыстары шегеріледі. Себебі әлеуетті орындаушы жоқ. Бірде-бір компания қызметті сатып алуға тілек білдірмеген» деп жазған едік.

 

Компания мемлекеттік сатып алуға байқау жариялап, екі мәрте хабарландыру бергенін атап өтті.

 

– Осыдан кейін, Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес, орындаушы –  қазіргі уақытта қалалық трамвай паркін басқарып отырған «Өскемен қаласының Көлік Компаниясы» ЖШС болды. Компания трамвайларды жөндеп, олардың жұмысына жауап беретін болады. Сонымен қатар ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп, өз күшімен желілерге қызмет көрсетеді. Кәсіпорында мамандар мен техникалық құралдар жеткілікті, – деп түсіндірді қала әкімдігі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив