KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
443.44 480.51 4.88

Өскемендегі трамвай жолдары жөнделмейтін болды. Бюджеттен бөлінген 223 миллион ше?

13.03.2019, 05:43 110

 

Өскемендегі трамвай жолдарын жөндеу жұмыстары шегерілді. Себебі әлеуетті орындаушы жоқ. Бірде-бір компания қызметті сатып алуға тілек білдірмеген. Енді бюджеттен бөлінген 223 миллион теңге желге ұша ма? – деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Рельстерді жөндеуге байланысты жарияланған конкурс өтпей қалды. Себебі байқауға бірде-бір өтінім келіп түспеген.

 

ҚР мемлекеттік сатып алу сайтының мәліметі бойынша, бірде-бір компания Өскемендегі рельс жолдарын, байланыс-кабель желілерін және қосалқы станцияларды жөндеу жұмыстарын өз мойнына алуға ниет білдірмеген. Демек, осы іске бюджеттен бөлінген 223 миллион теңге әлі де игерусіз қала бермек.

 

Естеріңізде болса, конкурс ақпан айының басында жарияланған болатын.

 

Өңірлік БАҚ мәліметтеріне сүйенсек, конкурсқа қатысушыларға қойылған талаптар жоғары болыпты. Жұмыс тәжірибесі бар мамандар мен қажетті техниканың саны көп болған. Сондай-ақ, орындаушы компания тәулік бойы жұмыс жүргізетін (оның ішінде авариялық жағдайларда) бригада құрады деп көрсетілген екен.  

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив