"Талантқа тұсау жоқ" - атына заты сай байқау болды
Мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдер арасында «Талантқа тұсау жоқ» («Таланты без границ») атты байқау өтті. Риддер қаласында болған өнер бәйгесі Алғыс айту күні қарсаңында ұйымдастырылып еді.
Иә, бұл жарыстың атына заты сай болғанына келіп тамашалағандар куә.
– Бойында сан түрлі өнер тұнып тұрған балаларды көріп тұрып, қалайша олардың мүмкіндігі шектеулі дейміз?! Олардың рухы биік қой. Ал рухы биік жандар көксегеніне қол жеткізе алады. Шектеусіз мүмкіндікке ие екендіктерін көрсете біледі. Байқаудың мақсаты да осы шығар, – деп еді фестиваль көрермені.
Әнеки, «атына заты сай» деп көрерменнің көңілінен шыққан соң айтамыз.
Жә, жарыстың өзіне келейік. 300-ге тарта қатысушы болды. Олар дауыс, икем, әртістік шеберлікті сынға салған алты кезеңнен асқанда нағыз жүйріктері іріктеліп қалып еді. Сол жүйріктер естелік сыйлықтар мен марапат қағаздарға ие болды.
Қортынды кештен кейін лоторея ойнатылып, түсім балалардың керек жабдығына аударылды.