KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 2 м/с, З
489.36 533.45 4.99

Қазақстанның жаңа даму жолына түсеріне сенемін – Бақытжан Раисова

23.11.2022, 12:12 473 Оразай Жеңісұлы

Белгілі ақын, Жазушылар одағының мүшесі, жерлесіміз Бақытжан Раисова 20 қарашада болған кезектен тыс Президент сайлауына қатысты пікір білдірді.

Жұрт сайлауға соңғы үмітін сарқып барды. Таңдау жасады. Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа сенді. «Кімді сайлайсыз?» деген сұраққа «Тоқаевтан басқа кіміміз бар еді?!» деген қарсы сұрақ қойысты. 20 қарашада тоқтаусыз жауған қалың қармен араласып, бір күдік, бір үміт бой таластырды. Үміт өлмейді екен. Халық үміт пен сенімнің жанға жылы тиер жылуын таңдады.
Мен де Қазақстанның өзгеше, жаңаша даму жолына түсеріне сенім артып, арлы, ойлы, парасатты ғой деп, Қасым- Жомарт Кемелұлын сайладым.
Қазақ халқының ұлы ойшылы Шәкәрім заманды оңалған тұрмыс та, мәдениет те, тіпті әдебиет түзей алмайтынын, тек ар ілімі ғана жөнге салатынын айтқан екен. Ендеше мемлекетті басқарушы президенттікке ар ілімін игерген адам керек болмай ма?
Қасым-Жомарт Кемелұлы ең алдымен елді жайлап алған жемқорлықтың тамырына балта шабады деп сенем.
Екіншідін, ғасырға созылған орыстандыру саясатының ең сорақы нәтижесі боп  ана тіліміздің әлі күнге төрге шыға алмай отырған қағажу күйін қалпына келтіріп, Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар екендігіне көз жететіндей,  тілімізді тұғырға қоятын барлық шараларды қолға алады деп үміттенем. Ахмет Байтұрсынов айтқандай, тілі жоғалған халықтың өзі де жоғалады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив