Өскемен тұрғыны куәлік аламын деп 700 мыңнан айырылды
Өскемен тұрғыны жүргізуші куәлігін сатып алмақ болып сан соғып қалды.
Алаяқ жеті жүз мың теңгені жымқырды, деп хабарлайды Altaynews.kz.
24 жастағы тұрғынның айтуынша, танысы куәлік алуына көмектесемін деп 700 000 теңге ақша алған. Кейін байланысқа шықпай қойған.
Полиция қызметкерлері күдікті ұстады. 28 жастағы азамат та қала тұрғыны болып шықты.
Қазір ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Оқи отырыңыз