KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 7 м/с, ОШ
441.66 475.14 4.86

Адам көп жиналатын жерлерде бетперде тағу керек - Бас санитариялық дәрігер

26.12.2022, 11:33 378 Ләззат Қанатқызы

Қазіргі уақытта Республикада коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

ҚР Бас санитариялық дәрігері адамдар көп жиналатын жерлерде бетперде тағуды ұсынды. Ол бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында өткен жиында айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес республика және барлық өңірлер жасыл аймақта орналасқан.

- Республикада коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Тәулігіне COVID-19 бойынша ПТРдің оң нәтижелі 300-ге дейін жағдайы және ПТРдің теріс нәтижелі 40-қа дейін жағдайы тіркеледі, науқастардың 99%-ы сауығып кетті. Соңғы аптада өткен аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық 3% - ға өсті, - деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі - Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова.

Оның айтуынша, 12 өңірде (Астана, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, ШҚО, Абай, БҚО, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау облыстары) R көрсеткіші бірліктен жоғары, бұл инфекцияның таралуының өскенін көрсетеді.

Қазіргі уақытта ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанғандардың маусымдық өсуі байқалады. Ауырғандар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20% өсті.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив