KZ
Өскемен
-12°
переменная облачность жел 1 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

ШҚО: Бірнеше ауылға интернет тартылды

28.12.2022, 09:29 307 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-ға жұмыс сапарымен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек келді.

Жұмыс сапары аясында ол №3 Халыққа қызмет көрсету орталығында барып, мекеменің қызметімен танысып, Д. Серікбаев атынбағы ШҚТУ-да облыс тұрғындарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Кездесуге IT-сала мамандары, ұялы байланыс операторлары, цифрлық компоненттерді іске асыратын мемлекеттік органдар, ЖОО студенттері мен оқытушылары, сондай-ақ өңір жұртшылығы қатысқан.

Ал, ZOOM режимінде кездесуге ШҚО қалалары мен аудандарының тұрғындары қосылды.

- Бүгінгі таңда тұрғындардың барлық сұрақтары сапалы интернет және мемлекеттік қызметтер туралы болды. Мемлекеттік қызметтер бойынша бізде жағдай өте жақсы, қызметтердің 94 пайызын біз халыққа онлайн форматта ұсына аламыз. Яғни, ШҚО байланыс тұрғысынан біз үшін басым өңірлердің бірі болып табылады, - деді Асхат Оразбек.

Сонымен қатар, жиналыс барысында қазан айында жергілікті атқарушы органдар сапалы интернет жоқ ауылдарға бірнеше рет тартылғанын атап өтті.

- Барлық мәселелер зерттелді. Ауыл тұрғындары да қала тұрғындарымен бірдей интернет-қызметтерді пайдалануы тиіс. Егер сапалы интернет болса, онда адамдар, әсәресе жастар ауылдан көшпейді, - деп қосты спикер.

Сонымен қатар, ол Республикалық маңызы бар қалаларға 5G байланысын өткізу 2024-2025 жылдарға жоспарланғанын хабарлады.

Министрлік қызметінің бағыттарына телекоммуникация және байланыс, электрондық үкімет және мемлекеттік қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия және картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік және инновациялар кіреді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу