Күре жолдардың қары күрелді – ШҚО
шартты сурет
Шығыс Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар тасжолдардың қары толық күрелді.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» өкілдері айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Соңғы күндері өңірде қар толассыз жауып, екі айлық нормадан асқан еді.
«Кейбір учаскелердегі қардың биіктігі екі метрге жуықтайды. Трассаларды тазарту жұмыстары аяқталды», – деді «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметі.
Естеріңізге саламыз, республикалық маңызы бар трассалардағы жағдай туралы ақпарат алу үшін 1403 нөміріне хабарласу керек.