KZ
Өскемен
-17°
плотный туман Штиль
521.6 534.27 5.25

Құтқарушылар қар салдарымен күресуге көмектесті

Бүгін, 09:30 50 Төлеуғазы Жансая

Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысып, балалар үйінің ауласын қардан тазартуға көмектесті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл игі іс-шара өзара көмек көрсету және қоғамдастықты қолдау мақсатында ұйымдастырылды. ШҚО ТЖД аудандық бөлімшелеріндегі құтқарушылар мен әскери қызметкерлер облыс қалалары мен аудандарында тұратын жалғыз басты және қарт адамдарға да көмек қолын созды.

«Біздің қызметкерлер адамдарға шұғыл жағдайда ғана көмекке келмейді. Акцияның негізгі мақсаты – әлеуметтік маңызы бар бастамаларға әлеуметтік жауапкершілікті арттыру және қоғамның белсенді қатысуын үйлестіру. Бұл оқиға – аймақтағы жайлы өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін қоғамдық күштерді біріктірудің жарқын үлгісі», - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов.

ШҚО ТЖД мұндай қайырымдылық шараларын дәстүрге айналдыруды жоспарлап отыр. Осындай игі бастамалар арқылы қоғамда мейірімділік пен өзара көмектесу мәдениетін дамыту көзделуде.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу