KZ
Өскемен
ясно Штиль
479.23 534.96 5.16

Сарбаздар “Қазақтар” қойылымын тамашалады

18.02.2023, 15:03 287 Ләззат Қанатқызы

Өскемен гарнизоны 27943 әскери бөлімінің сарбаздары «Қазақтар» қойылымын тамашалады.

ШҚО Драма театрында жазушы-драматург Қалихан Ысқақ пен Шахимарден Құсайыновтың «Қазақтар» атты тарихи драмасы қойылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. Көрерменнің  көңілінен шыққан кесек туындының қоюшы-режиссері - Қазақстанның Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тұңғышбай Жаманқұлов.

Қойылымды тамашалуға жауынгерлік дайындықтың үздіктері 30 ға жуық сарбаздар шақырту алды.

Сарбаздар қазақтың тарихын, дәстүрі мен тұрмыс-тіршілігімен танысып, өздерінің туған жерге, ата-бабаның ізгі мұрасына деген құрметтерін тағы бір арттырды.

- Бойыңдағы рухты, ұлтқа деген сүйіспеншілікті оятатын керемет қойылым болды. Мен Қасым ханның Қазақ хандығын сақтап қалу, нығайту, ел бірлігі мен жер тұтастығын қорғау жолындағы күрескерлігін көріп, шабыттандым, - дейді қатардағы жауынгер Қылышбеков Азамат.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив