KZ
Өскемен
-5°
небольшой снег жел 1 м/с, С
523.54 546.47 4.99

"Атамның аманаты" бірлестігі соғыс құрбандарының деректерін іздейді

21.02.2023, 23:01 661 Мадина Амангелдіқызы

«Атамның аманаты»  қоғамдық бірлестігі  екінші дүниежүзілік соғысында хабар-ошарсыз кеткен ата-бабаларымыздың жерленген орындарын анықтау үшін өтініштер қабылдайды.

Кезінде соғысқа қатысқан жауынгерлердің туыстары өтініш жіберіп, оның жерленген орнын, қандай шайқастарға қатысқанын анықтай алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өтініш беру үшін келесі мәліметтерді көрсету керек:

  1. Атаңыздың аты-жөні.
  2. Туған жылы (шамамен).
  3. Қайдан шақырылған (ауыл, аудан, облыс).
  4. Әйелінің, ата-анасының, аға-інілерің, апа-қарындастарының аты-жөні. Әрбір есім маңызды, бұл іздеу жұмыстарын жеңілдетеді (көптеген қазақ, түркі тіліндегі есімдер дұрыс жазылмай, бұрмаланған).
  5. Ресейдің мұрағаттарында іздедіңіздер ме? Ресейлік «ОБД Мемориал» сайтында деректер бар ма? Егер мұрағаттардан, Боздақтар Кітаптарынан, сайттардан алған мәліметтеріңіз болса, бірге жіберу қажет.
  6. Іздеушінің аты-жөні: туыстық дәрежесі; мекен-жайы; кері байланыс үшін 1-2 телефон нөмірлері; электрондық пошта.
  7. Іздеу мақсатын көрсетіңіз: жерленген жерін, сарбаздың тағдырын немесе ұрыс жолын анықтау.

Жоғарыда көрсетілген сұрақтар бойынша барынша толық жауаптар беруге тырысу керек. Мәліметтердің толықтығы іздеу жұмыстарын жеңілдетуге септігін тигізеді. Іздеу жұмыстарының бірнеше жылға созылуы мүмкін екенін ескеру қажет. Сондықтан іздеуші өзі жайлы мәліметтерді де нақтылап көрсеткені жөн.

Өтінішті мына сілтеме арқылы толтыруға болады:https://form.ata-amanaty.kz. Сондай-ақ ata-amanaty.kz сайтында да қалдыра аласыздар.

Байланыс нөмірлері:

Әлия Сағымбаева, 8-701-999-78-20

Райгуль Мушанова, +7-776-828-45-35 

Марфуза Сулейменова, +7-776-828-45-34 


           

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу