KZ
Өскемен
-8°
небольшой снег жел 1 м/с, ОБ
523.86 544.34 5.11

ШҚО әкімі Белоусовка ауылының тұрғындарымен кездесті

24.02.2023, 10:15 334 Оразай Жеңісұлы

Облыс әкімі Даниал Ахметов Белоусовка ауылының тұрғындарымен кездесті.

Кездесуде сумен жабықтау мәселесі туралы сөз қозғалды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Азаматтарды жеке қабылдау аясында маған Светлана Петровна Моисеева ауыз су берудегі үзілістерге шағымданып жүгінді. Жергілікті әкімдік пен «Өскемен Водоканал» мамандары кенттің осы учаскесін зерттеді, содан кейін проблемалы үйлерді «Новостройка» сумен жабдықтау жүйесіне қосу үшін екі жүз метр су құбырын салу туралы шешім қабылданды», - деп жазды облыс әкімі ресми парақшасына.

Бұл жұмыс сәуір-мамыр айларында атқарылады. Сонымен қатар мамандар барлық ұңғымаларды тексереп, содан кейін ғана қосымша бұрғылау қажеттілігі туралы шешім қабылдайды.

«Біз осы жұмыстардың барлығына қаражат бөлдік. Сондай-ақ, ауылдың географиялық жағдайы сумен жабдықтауға әсер етпеуі үшін қысым реттегіші орнатылады және бұл суару мәселесін одан әрі шешуге мүмкіндік береді. Он күн ішінде маған барлық ескертулермен жаңартылған жоба ұсынылады, мәселе жеке бақылауымда», - деді аймақ басшысы.

Мәселенің шешілу барысын Белоусовка тұрғындарының бастамашыл тобы да қадағалайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу