Тәртіп сақшылары «борышкерлердің» соңына түсті - ШҚО
ШҚО ПД 1-3 наурыз аралығында прокуратура қызметкерлері мен сот орындаушыларының қатысуымен «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізеді.
Іс-шараның мақсаты – айыппұлдан жалтарған жүргізушілерді анықтап, әкімшілік айыппұлдарды өндіру болып табылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Іс-шара аясында облыс аумағында көлік ағынын бақылаудың автоматты жүйелерін, электронды планшеттерді және «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенін пайдалана отырып, полиция қызметкерлері әкімшілік айыппұлдар бойынша борышкерлерді, көлік құралын басқару құқығы жоқ адамдарды, сондай-ақ жалған мемлекеттік нөмірмен көлік басқарушыларды анықтайтын болады, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Осыған байланысты, ШҚО ПД әкімшілік айыппұлдарды уақтылы төлеу қажет екенін еске салады. Айта кетейік, ӘҚБтК-нің 810-бабына сәйкес азаматтар айыппұл сомасының 50% -ын әкімшілік хаттама толтырылған сәттен бастап 7 тәулік ішінде қысқартылған іс жүргізу тәртібінде төлеуге құқылы.
Оқи отырыңыз